25-қараша. Turaninform. Құрманғали Нұрғалиев. Әлем елдері басшыларының ішіндегі жылдық жалақысы жоғары ондық түзіліпті. Ондықтың ішінде ТМД елдерінен Ресей президенті ғана бар. Сонымен Францияның Les Echos ақпарат құралында жарияланған мәлімет бойынша алдыңғы ондықта қай ел басшылары тұр? Ақпарат төменде.
Жалақысы жоғары ел басшыларының ондығы:
- АҚШ президенті Барак Обама – $400 мың;
- Канада премьер-министрі Джастина Трюдо – $260 мың;
- Германия канцлері Ангела Меркель – $234 мың;
- ОАР президенті Джейкоб Зума – $223 мың;
- Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй – $215 мың;
- Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ – $203 мың;
- Түркия президенті Реджеп Тайып Эрдоған – $197 мың;
- Франция президенті Франсуа Олланд – $194 мың;
- Ресей президенті Владимир Путин – $136 мың;
- Италия премьер-министрі Маттео Ренци – $125 мың
Жалақы десе, жалт қарайтындар аз емес болар. Бірақ, мемлекет басшылары қарай ма, басқа ма белгісіздеу… Десек те, Дональд Трамп секілді айына $1 жалақы алғысы келетіндер олардың қатарында да аз деп айту қиын.
Фото thekievtimes.ua-дан алынды
ПІКІРЛЕР