Ұлттық Қор активтері 92 еседей артып, 61 млрд. 031 млн АҚШ долларына жетті, дегенмен…

Ұлттық Қор активтері 92 еседей артып, 61 млрд. 031 млн АҚШ долларына жетті, дегенмен…

16-желтоқсан. Turaninform. Еліміздің Ұлттық Қор активтері 2001-жылдың 1-қаңтарында $660 миллион, ал, биылдың қараша айында 61 млрд. 031 млн АҚШ доллары болды. Демек, қарапайым есепке салсақ, 92 еседей артқанын байқау қиын емес. Қуанатындай­-ақ. Бірақ, былтырғы жылдың желтоқсан айында $63 млрд. 508 млн. болған еді. Сонда өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда, $2,477 миллиард сомаға азайған болып шығады. Ал, 2014-жылдың тамыз айында $77 млрд. 236 миллионға жеткенімізді ескерсек, Ұлттық Қор активтерінің әжептәуір азайғаны байқалып­-ақ тұр.

Дегенмен Ұлттық Қор құрудың әлеуметтік-­экономикалық дамуда маңызы зор. Тек қай кезде де тиімді пайдаланып, тұрақты, серпімді дамуға сеп ете берсек игі…

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0