Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақтың басы бiрiккенде, барлық жауын жеңiп отырған

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақтың басы бiрiккенде, барлық жауын жеңiп отырған

16-желтоқсан. Turaninform. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тарихының сабақ алар тұстарын да атап өтті. Елдегі бірліктің түбірі қазақпен байланысты екендігін тағы да еске салды.

– Тарихтан бiлемiз, қазақты еш уақытта сырттан келiп, жау алған жоқ. Алдымен iшiмiзге iрiткi салып, бiр-бiрiмiзге айдап салып, «бөліп ал да, билей бер» деген саясат жүргiздi. Қазақтың басы бiрiккенде, барлық жауын жеңiп отырған. Сондықтан еш уақытта бiрлiгiмiзден жазбайық. Ең алдымен, қазақтың бiрлiгi, екiншiден, көп этносты елiмiздiң ынтымағы, бiр-бiрiмiзге деген сенiм болса, барлық айтқанымыз болады, – дедi Елбасы.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы: «2050 жылға дейін біз дамыған 30 елдің қатарына кіреміз» деді. Сол уақытта шағын және орта бизнес те қазіргіден көбеймек. Осылайша, жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 50%-ына дейін жететіні айтылды.

Елбасының айтуынша, 2050-­жылға таяу қала халқының саны 70 пайызға жетіп, көлемі 380 млн. метр² тұрғын үйлер салынбақ. Демек, урбандалу үдерісі жүре береді. Ел халқының орташа өмір сүру жасы ұзарып, 82 жасқа жетпек. Бұл қазіргі өлшеммен алсақ, орташа өмір сүру жасы бойынша әлем елдері арасында алдыңғы бестікте тұрған мемлекеттердің жетістігі. Демек, өмір сүру жасы бойынша, Жапониямен жарысып, Сингапурды састыруымыз мүмкін…

Жақын жыл қызықтыратындарға қатысты. Елбасы Үкіметке келер жылдан бастап зейнетақы мөлшерін 20%­ға, ал, бала тууға байланысты бір жолғы мемлекеттік жәрдемақыны сол уақыттың 1 шілдесінен бастап 20%-ға өсіруді тапсырды.

Еліміздің Тәуелсіздігі берік те биік болсын! Жақсылығы үзілмесін!

Фото egemen.kz сайтынан

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0