Мұнай бір көтеріліп, қайта құлдырады

Мұнай бір көтеріліп, қайта құлдырады

4-қаңтар. Turaninform. Мұнай бір-­екі күндікте қымбаттап та, құлдырап та үлгірді. Кеше ғана бір баррелі 58 АҚШ долларының үстіне шыққан болатын. Қымбаттауға себеп, OPEC пен оған мүше елдердің бірқатарынан былтырғы келісім айналасында мұнай өндіруді қысқартқаны туралы ақпараттың тарауы еді. Мәселен, Кувейттің тәулігіне 130 000 баррель, ал, Оманның 45 000­-ға азайтқаны туралы ақпарат өзіндік себеп болды.

Осылайша, 2015­-жылдың шілдесінен бері бірінші рет $58­-ден асты делінгені сол­-ақ еді, бүгін жалп етіп, төмен түсті. Халықаралық биржада, наурыз айына арналған, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі $55,81­-ге дейін төмендеді.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0