Астанада осы қыстағыдай қалың қар соңғы он жылда жаумаған

Астанада осы қыстағыдай қалың қар соңғы он жылда жаумаған

Соңғы жылдары елорданың климаттық жағдайлары күрт өзгеріп, әдеттен тыс суық ауа-райымен, бұрқасындармен және қардың қалың түсуімен ерекшеленді. Атап айтқанда, биыл қалада бұрын-соңды болмаған мөлшерде қар жауды.

Синоптиктердің хабарлауынша, мұндай қалың қар елордада соңғы он жылда жаумаған. 2016 жылғы 13 қазан мен 2017 жылғы 3 қаңтар аралығында қар полигондарына 2 млн текше метр қар шығарылған. Ал, жиналған қардың көлемі үш млн текше метрге жуықтады. Өткен жылдардың хронологиясы бойынша бұл көрсеткіштер жиналған қардың көлемінен бірнеше есе артық. Өткен жылдарға жүргізілген талдау көрсетіп отырғандай, 2014 жылы 3,2 млн тонна, 2015 жылы  3,4 млн тонна, ал 2016 жылы 2,9 млн тонна қар шығарылған.

Қазіргі уақытта коммуналдық және жедел қызметтердің барлық күштері қаланы санитарлық тазарту жұмыстарына бағытталған. Ең алдымен, әлеуметтік маңызды нысандардың аумақтары тазартылуда: мектептер, ауруханалар, балабақшалар, жаяу жүргінші жолдары және қоғамдық көлік жүретін жолдар. Тұрғын үйлердің аулалары мен орамішілік телімдердің аумағын жергілікті ПИК-тер өз күштерімен жинайды.

Жалпы механикаландырылған жұмыстарға 2177 арнайы техника, қолмен жинау жұмыстарына – 2708 адам тартылды.

Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0