Сұлтан Байбарыс: «Мұсылмандардың жеңілуінің себептері сендерсіңдер!»

Сұлтан Байбарыс: «Мұсылмандардың жеңілуінің себептері сендерсіңдер!»

Мысырды Құтыз билеп тұрған кез. Бабамыз Байбарысқа оның қауіпті қысымы артқасын, шағын жақтастарымен, нөкерімен, Шамға қарай ат басын бұрады. Онда да жағдай жетісіп тұрған жоқ еді. Өйткені, монғолдар бір қаладан соң, тағы бірін алып, ентелей мұсылман елдеріне еніп, қиратып, Шамға таяп қалған. Үрейі ұшқан тұрғындарды айтпағанда, Шам билеушісі мен басқа да атқамінерлерінің есі кетіп, бойларын қорқыныш билеп алған көрінеді.

Шам билеушісі Салахуддин Юсеф Мысыр сұлтаны – Құтызға хат жазып, көмек сұрап, шайқасқысы келгенімен, ақыры үрейі басып кеткен. Патша уәзірі Зейнуддин әл­-Хафизи де билеушісінен алысқа ұзамайды, «…көп жиылыстардың бірінде Хулагу ханның әскеріне қарсы тұру мүмкін емес, одан да шайқассыз берілген дұрыс дегенде, Байбарыс оған айқай салып: «Мұсылмандардың жеңілуінің себептері сендерсіңдер!» (Қ.Сәки, «Қыпшақ мәмлүктер») деп оны шапалақпен тартып жіберген екен. Дегенмен, бәрібір, Шам еркімен беріледі…

Байбарыс қайтадан Мысырға қарай бет бұрады. Алдындағы өзара араздықты сын сәтте тоқтатқан ертүріктер – Байбарыс пен Құтыз Шыңғыс хан әскерінің шабуылына қарсы дайындалады. 1260-жылы әйгілі Айн Джалут шайқасында монғолдарды күйрете жеңеді. Осы үлкен шайқасқа апарар жолда, Байбарыс бабамыз алғаш рет монғолдарды ойсырата жеңгені тарихтан мәлім.

АЛЛА-ға шүкір, біз бүтіндей мұсылман өркениетінің сақталуына, қайта өркендеуіне үлкен үлес қосқан ұлтпыз деген сөз… Бабамыз – Байбарыс… Тарихымызды ұмытпайық.

 Құрманғали Нұрғалиев, журналист

 Фото “Бейбарыс сұлтан” көркем фильмінен…

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0