ҚР және РФ вице­-премьерлері Мәскеуде «Байқоңыр» кешені бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ҚР және РФ вице­-премьерлері Мәскеуде «Байқоңыр» кешені бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Мәскеу қаласында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозиннің кездесуіне қатысты. Кездесуде «Байқоңыр» кешені бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында Қырымбек Көшербаев аймақ үшін маңызды мәселелерді, оның ішінде Байқоңыр қаласы тұрғындарының жұмыспен қамтылуы және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме қонақтары мен қатысушыларын қарсы алуға дайындық жұмыстарын қозғады.

Естеріңізге сала кетейік, 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы мемлекеттері басшыларының Санкт Петербург қаласындағы  кездесуінде тараптардың «Байқоңыр» кешеніндегі ұзақ мерзімді әріптестік Тұжырымдамасы бекітілген болатын.

Тараптар «Байқоңыр» кешені бойынша  үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын осы жылдың сәуір айында Қызылорда қаласында өткізу туралы келісімге келді.

 Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0