Қазақстан әлем бойынша орташа өмір сүру ұзақтығынан 123-орында

Қазақстан әлем бойынша орташа өмір сүру ұзақтығынан 123-орында

27-ақпан. Turaninform. Еліміз Жер жүзі мемлекеттері ішінде орташа өмір сүру ұзақтығы бойынша, 2016-жылғы есепте 123-орында. Біздегі орташа өмір сүру ұзақтығы 67, 35 жас екен. Кей облыста бұдан да төмен болуы мүмкін. Мысалы, Қызылорда облысында зейнет жасына жетпей немесе алпыстың айналасында дүниеден кетіп жатқандар аз емес.

Тізімде Ресей 129шы, ал, Өзбекстан 133-орында тұр. Әлем бойынша орташа өмір сүру ұзақтығынан бірінші орынға шағын ғана еуропалық ел – Андорра орналасса, екіншіге іргелі де дамыған Жапония мемлекеті жайғасқан.

Әлем бойынша 2016-жылы орташа өмір сүру ұзақтығынан алдыңғы бестікке енгендер:

    1. Андорра 82, 75;

    2. Жапония 82, 15;

    3. Сан-Марино 82;

    4. Сингапур 82;

    5. Франция 81 жас

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0