Ресейдегі митинг: полицияны бір соққысымен есінен тандырған «бала»

Ресейдегі митинг: полицияны бір соққысымен есінен тандырған «бала»

Ресейде өткен митингте полицияны бір теуіп есінен тандырған оқиға – қоғамының, билігінің сипатын одан сайын аша түскендей. Біріншіден, Ресей заңы бойынша, құқық қорғаушылардың өміріне қастық еткен адам өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін! Сөйте тұра осындай оқиға орын алды. Бәлкім, білмеген де болар… дегенмен, бұл қалың жұрттың ашуының көрінісі емес деп кім айта алады? Демек, полицейлердің, арнайы жасақтардың билікке сөзін жүргізбей тұрған кедергі күшке айналғанын немесе билігі соларға арқа сүйейтінін ресейлік қоғам әбден түйген ғана емес оларды шегіндірмей, ықтырмай, көндірмей іс бітпейтінін ұққандай. Екіншіден, наразылық шеруіне қатысқандардың дені жастар, жасөспірімдер немесе студенттер, мектеп жасындағылар делінді. Сондықтан митингке «Балалар бүлігі» деп айдар тағып та қойған. Демек, полициясын «бозбала» бір теуіп, есінен тандыруы, құлатуы – құқық қорғаушылардың қызметін де құлатып кеткенмен пара­-пар. Абыройы одан сайын түсті. Ол «бала» кәсіби спортшы ма, басқа ма, бұл әңгіме онша маңызды емес. Полициясын балалары бір теуіп, есінен тандыратын ел атану ресейлік билікке абырой әпере ме? Билігі сондықтан тепкен адамды «чемпион» етуі мүмкін.

«Мен мұндай соққыны тек кинодан ғана көрдім. Ұшып келіп, аяқпен тура бастан тепті. Джеки Чан сияқты» деп бейнелепті бозбала­-куәгер, Би-би-сиге. Жәй емес, үсті-­басы жабық арнайы киім киген полицияны естен тандыра құлатқан.

 Құрманғали Қалмахан

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0