АҚШ пен Қытай өзара тарифті едәуір төмендетеді

АҚШ пен Қытай өзара тарифті едәуір төмендетеді

12-мамыр. Turaninform. Өткен айда ғана сауда кикілжіңіне түскен АҚШ пен Қытай, енді өзара импорттық тарифті төмендету туралы келісімге келді. 90 күнге. Сауда бітіміне сәйкес, екі ел де импорт бажын 115%-ға төмендетеді. Мұндай жағдайда АҚШ бажы 30%, Қытайдыкы 10% болады.
Өткен айда ғана Ақ үй басшысы сауда соғысын қыздыра келе, тариф көлемін 145%-ға жеткізген еді. Ал, Пекин 125% -ға көтерді.
Бар болғаны бір ай ішінде АҚШ тұтынушыларына тәуелді көптеген қытайлық компаниялар тауарларын сата алмай әбігерленгені, жұмысшыларын қысқартып жатқаны т.б. туралы ақпараттар тарай бастады. Қытай сауда кемелерімен байланысты АҚШ портының да жұмысы саябырсыған.
Қытай өндірушілеріне АҚШ секілді бай да үлкен нарық жоқ. Бір ғана ел деңгейінде алсақ. Былтыр оларға бағытталған қытайлық экспорт $450 миллиардты жуықтады.

 Фото интернеттен алынды  

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0