25-сәуір. Turaninform. Өңдеуші өнеркәсіп саласында бір сағат жұмыстың ақысы Германияда – 38,7 еуро. Мұны біздің ұлттық валютаға (25.04.) шаққанда шамамен 13 122 теңге болып шығады. Бізді айтпағанда, ЕуроОдақтың орташа көрсеткішінің өзінен 47%-ға артық. Дегенмен еңбек құны бойынша алғанда Дания, Бельгия, Швеция елдерінен кейін екен. Бұл туралы segodnya.ua хабарлады.
Сонымен қатар, Германия тек Еуропа ғана емес, әлем бойынша да орташа жалақыдан алдыңғы ондыққа кіреді. Демек, таңғалатындай емес. Озық азаматтық қоғам, өркендеген экономика, әділ әлеуметтік саясат – бір-бірімен қабысады ғой.
ПІКІРЛЕР