Астанада бір пәтерде 2500 адам тіркеуде тұрған

«Елордадағы қауіпсіздік пен жайлылық» атты жоба аясында Астана қаласы әкімдігі, құқық қорғау органдары және қалалық прокуратура бірлесе отырып, шамадан тыс адам тіркелген пәтерлерді анықтауда, деп хабарлайды  BNews.kz.

Уәкілетті органдардың алдын ала мәліметіне қарағанда елордада бір пәтерде 30-дан 2,5 мың адамға дейін тіркелген ондаған пәтерлер анықталды.

Жергілікті полиция қызметі мұндай пәтерлерді анықтау жұмысын жалғастыруда. Бүгінгі таңда ҚР ӘҚБК-нің 493-бабымен 88 пәтер иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған мекен жайлардан пәтер иелерінің өтініші бойынша 4 135 жуық адам тіркеуден шығарылды, олардың арасында шетел азаматтары да бар.

Тіркеуден шығарылған азаматтар үшін аталған мән жайлар кейбір мемлекеттік қызмет түрін алуға және мемлекеттік тұрғын-үй алуға қиындық тудыратын болады.

Сонымен қатар, жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша  қаланың коммуналдық қызметтері мұндай пәтерлер үшін көрсетілген қызмет  құнын қайта есептеп жатыр.

 bnews.kz

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0