Азия даму банкі және «ҚазАгро» ынтымақтастық мәселесін талқылады

Азия даму банкі және «ҚазАгро» ынтымақтастық мәселесін талқылады

Азия даму банкі (АДБ) және «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Астанада кездесу ұйымдастырды және Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге дайындығын білдірді. Кездесу АДБ Вице-президенті Дивакар Гупты және «ҚазАгро» холдингі Басқарма төрағасы Нұрлыбек Малеловтің қатысуымен өтті.

Тараптардың негізгі талдаған тақырыбы республиканың ауыл шаруашылығын дамытумен және саладағы жобаларды қаржыландырумен байланысты өзекті мәселелердің кеңейтілген спектрі болды. Атап айтқанда, әңгіме мынадай бастамалар туралы болды: «ҚазАгромен» қорландыру арқылы АӨК саласындағы жобалар бойынша жеке секторды қаржыландыру; АДБ және «ҚазАгроның» ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламаларын бірлесіп әзірлеуі, ол қаржыландыру әдіснамасын, тәуекелдерді бағалау жүйесін және қаржыландыру құрылымын және ақша жеткізу каналдарын кеңейту үшін жеке қаржы ұйымдары арқылы аталған әдіснаманы енгізуді болжайды; елдің азық-түлік белдеуін дамыту және ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің маркетингтік мүмкіншіліктерін кеңейту мақсатында ірі инвестициялық жобаларды және инфрақұрылымдарды бірлесіп қаржыландыру.

Бұдан басқа, Азия даму банкісінің және «ҚазАгро» ұлттық холдингінің өкілдері республиканың аграрлық саласындағы жеке шағын несие ұйымдары мен несие серіктестіктерінің мүмкіндігін күшейтуді талқылады, сондай-ақ бәсекелес ортаға берілетін Холдингтің еншілес ұйымдарының бірқатарын жекешелендіру жөніндегі ынтымақтастықтың келешегін қарастырды.

Кездесу барысында АДБ делегациясы Холдингтің еншілес компанияларын жекешелендіру мәселелері бойынша, суару каналдарын оңалту және республикада сауда-логистикалық орталықтар құру жобаларын егжей-тегжейлі талдауды және көмектесуді ұсынды. Бұдан басқа, банк техникалық қолдау ретінде «ҚазАгро» холдингімен әзірленген шағын несиелеу ұйымдарын қорландырудың жаңа модульдік жүйесін қарастырады. Бұл олардың тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Анықтама:

Азия даму банкі (АДБ) –қаржылық даму инстиуты, оның құрамына 63 мүше-елдер кіреді, оның 45-і Азия-Тынық мұхит аймағында және 18-і – оның сыртында орналасқан. АДБ өзара байланысты үш бағытта жұмыс істейді – жеке секторды дамыту, аймақтық ынтымақтастықты кеңейту және экологиялық тұрақтылыққа қол жеткізу. АДБ негізгі құралы қарыздар, кепілдіктер және техникалық көмек болып табылады, олар нақты жобалар мен бағдарламаларды іске асыру үшін мүше-елдердің үкіметімен көрсетіледі. АДБ жаһандық мақсаты кедейшілік деңгейін төмендету. Ол 1966 жылы құрлған.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ өзінің құрылымына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқару арқылы, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдингтің құрамына «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ және «ҚазАгроМаркетинг» АҚ енеді.

«ҚазАгро» холдингі» АҚ баспасөз қызметі          

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0