Қазақстанның оңтүстігінде жеміс-жидек агропарктері құрылады

Қазақстанның оңтүстігінде жеміс-жидек агропарктері құрылады

Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының экономикалық әлеуетін арттыру мақсатында мемлекеттік және жеке секторларды шоғырландыру арқылы шағын және орта бизнеске, әсіресе ауыл шаруашылығын дамытуға инвестиция тарту үшін алдағы жылдары осы аймақтарда жеміс-жидек сақтау қоймаларын салу, жеміс-жидек бақтарын, өңдеу кәсіпорындары мен аралас өндірісті дамытуда ауқымды жұмыстар атқарылмақ.

Осы бағытта «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, Жамбыл облысының әкімдігі мен «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (әрі қарай – «Тараз» ӘКК» ҰК» АҚ), сондай-ақ «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (әрі қарай – «Шымкент» ӘКК» ҰК» АҚ) арасында ынтымақтастық жөніндегі үш жақты меморандум бекиді деп жоспарланып отыр.

Бау-бақша шаруашылығын дамыту жоғары мультипликативтік нәтижеге ие. Бұл – контейнер жасау, қаптау, техниканы құрастыру, тамшылатып суару және т.б. өндірістер бойынша жобаларды құруға мүмкіндік береді.

Жергілікті атқарушы органдар жер учаскелерін беріп, инфрақұрылым мен ғимарат құрылысына жауапты болса, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ клиенттерді тартып, экспортқа бағдарланған «АгроЭкспорт» бағдарламасы бойынша жеңілдікпен қаржыландыру жұмыстарын жүзеге асырмақ.

Анықтама үшін:

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ бәсекеге қабілетті ауыл кәсіпкерлігін дамытуды ынталандыратын қолжетімді несиелендіру жүйесін қалыптастыру бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асырып келеді.

Корпорация «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі компаниялар тобының құрамына кіріп, соның тікелей жетекшілік етуімен Қазақстанның барлық облыстарында орналасқан 13 филиал мен өкілдіктерінде өз қызметін жүзеге асыруда ауқымды жұмыстарды атқарып отыр.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның баспасөз қызметі

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0