«Климаттық босқындардың» саны 2 миллиардқа жетуі мүмкін

«Климаттық босқындардың» саны 2 миллиардқа жетуі мүмкін

19-шілде. Turaninform. Егер ғаламдық жылыну осы бетімен кете берсе, 2060-­жылға қарай 1,4 млрд. адам қоныс аударуға мәжбүр болуы мүмкін! Ал, ғалымдардың пікірінше, 2100­-жылға қарай бұл сан өсіп, 2 миллиардқа жетуі ықтимал екен. Себебі, жылу артуы арқылы мұхит, теңіз деңгейі көтеріледі. Бұл жағалауға жақын орналасқан тұрғындардың амалсыздан қонысын өзгертуіне әкеліп тіремек. Мұны АҚШ­-тың Корнелль университеті ғалымдары мәлімдеген.

Біріккен Ұлттар Ұйымы 2100­-жылға қарай адамзат саны 11 миллиардқа жетуі мүмкін деп санайды. Демек, 2 миллиард «климаттық босқындар» – бүкіл адамзаттың шамамен 18%-дан астамы.

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0