Отыздыққа ұмтылған елдің төменгі жалақысы он жыл бұрынғыдан да аз

2017-­жылдың 1-қаңтарынан бастап төменгі жалақы 24 459 теңге болғаны белгілі. Ал, сол айда 1 АҚШ доллары – 331,14 теңге тұрған. Егер мұны АҚШ долларына шақсақ, $ 73,86 шығады. Енді он жыл бұрынғы төменгі жалақымен салыстырайық. 2007-жылдың қаңтарынан бастап, төменгі жалақы 9752 тг болса, сол айда 1 АҚШ доллары – 125,74 теңге тұрған. Демек, төменгі жалақы 77, 55 АҚШ доллары болып шығады. Сонда биыл төменгі жалақы $ 73,86 болса, 2007-жылы 77, 55 АҚШ доллары болған немесе он жылдай бұрынғы уақыттан да аз болып отыр.

Конституция бойынша өзін әлеуметтік мемлекет деп орнықтырған елміз. Әлемнің дамыған алдыңғы отыз еліне кіруден дәмеленіп отырғанымыз да бар. Олай болса, отыздыққа ұмтылып отырған елдің он жыл бұрынғы төменгі жалақысына жете алмай отырғанын немен түсіндіреді? Мұны енді қандай «жетістік» дейміз?.. Жақсы емес екені белгілі…

 Құрманғали Нұрғали, журналист

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0