Украинаның төменгі жалақысы Қазақстаннан 65,1% көп

Украинаның төменгі жалақысы Қазақстаннан 65,1% көп

9-қаңтар. Turaninform. Құрманғали Нұрғали. Қазақстанның төменгі жалақысы Украинадан 65,1%-ға аз. Биыл 1-­қаңтардан бастап, елімізде төменгі жалақы 28 284 теңгеге дейін көтерілгені белгілі. ҚР Ұлттық банкінің бүгінгі күнге (09.01.18ж.) белгілеген бағамы бойынша алсақ, 1 АҚШ доллары 330,43 теңге тұрады. Демек, төменгі жалақымыз $85,59. Ал, Украинаның төменгі жалақысы 2018-жылдың 1­-қаңтарынан 3723 гривна. 1 АҚШ доллары – 28,32 Украина валютасы тұрады. Енді есепке салсақ, 3723 гривна – 131,46 АҚШ доллары немесе Украинаның төменгі жалақысы біздікінен $45, 87-ге көп.

Қырымнан айырылған, бір бөлігінде соғыс жүріп жатқан Украинадан Қазақстанның төменгі жалақысы әжептәуір аз болуы ненің белгісі?..

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0