21-қаңтар. Turaninform. Әлемнің ең бай мемлекетінің ондығында тұрған Норвегия электрлі ұшақты пайдалануға көше бастамақ. Әрине, әзір емес. Норвегиялық Avinor мемлекеттік әуе компаниясының басшысы Даг Фальк-Петерсеннің мәліметінше, электрұшақты 2025-жылы сынақтан өткізбек. Ал, 2040-жылы жақын араға қатынайтын ұшақтардың барлығы электрлі болады делініп отыр.
Норвегияда жаңа техника мен технология тек әуе саласында ғана дамып жатқан жоқ. Мысалы, электромобильдердің үлесі де артып келеді.
ПІКІРЛЕР