27-қаңтар. Turaninform. Жапондықтар еденде өздігінен жүре алатын тәпішке ойлап тапты! Тек жүріп қана қоймайды, басқа аяқ киімдермен қатарласа – «тұраққа» жайғаса да алады екен. Тәпішке қонақүйге арналған. Қонақүйге келгендер тәпішкені қалаған жеріне шешіп кете алады. Ал, тәпішке болса, жолды өзі тауып, басқа аяқ киімдермен қатарласа тұра қалады екен.
Әлем мемлекеттері ішінде ЖІӨ көлемі бойынша үшінші орында тұрған Жапонияның бұл жаңалығы отыздыққа ұмтылып отырған ел – Қазақстанды қаншалықты ойлантады?..
ПІКІРЛЕР