23-шілде. Turaninform. Кембридж университетінің ғалымдары гидрогельді батарейка ойлап тапты. Мұның әдеттегі батарейкадан айырмашылығы, артықшылығы аз емес. Мәселен, кемі он есе созуға болады. Бірақ, қайта қалпына келеді. Әрі бұл тоқ өткізгіштігіне зиянын тигізбейді.
Желе секілді батарейканы робототехникаға, биоэлектроникаға пайдалануға болады екен. Сонымен қатар, сынақтан тиісінше өтсе, медициналық салада қолдану да көзделіп отыр.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР