Си Цзиньпин өмір бойы ел басқаруға мүмкіндік алды

Си Цзиньпин өмір бойы ел басқаруға мүмкіндік алды

11-наурыз. Turaninform. Қытай төрағасы Си Цзиньпин өмір бойы ел басқаруға мүмкіндік алып отыр. Бүкілқытайлық халық өкілдерінің жиналысы депутаттарының барлығы дерлік Конституциясына қатысты өзгерісті мақұлдапты: 2958ы қолдаған, 3 – қалыс қалған, 2 – қарсы, 1 бюллетень жарамсыз. Бұл туралы South China Morning Post-қа сілтеме жасап, 24tv.ua хабарлады.

Соған сәйкес, Қытай елінің басшысы болып екі мерзімнен артық отырмау туралы бұрынғы шектеу алынып тасталды. 1993-жылдан бастап Қытай Халық Республикасының төрағасы лауазымындағы адам Компартияның бас хатшысы болумен қатар, ҚКП Орталық әскери кеңесіне төрағалық етеді.

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0