Тележүргізуші сыны: Уа,”QAZAQSTAN” телеарнасындағы ардақты ағалар!

Тележүргізуші сыны: Уа,”QAZAQSTAN” телеарнасындағы ардақты ағалар!

Turaninform. QAZAQSTAN” ұлттық телеарнасының бұрынғы тележүргізушісі Руслан Жылқыбай
«ардақты ағаларын» фейсбук парақшасында сынап тастады. Сынға негіз болған «Qazaq pop idols» атты музыкалық бағдарлама.

Фейсбук парақшасында ол былай деп жазған (қаз­қалпында алынды): «Уа, “QAZAQSTAN” арнасындағы ардақты ағалар! Халқын ұлықтайтын, салтын ұмытпайтын, жақсыны бойға жиып, жаманды жуытпайтын елміз. Жақынын жауға да, дауға да бермеген, бойын намыс кернеген баба ұрпағы емес пе едік, біз?! Енді келіп, экраннан еңсе түсірер бағдарлама көрсетіп жатқандарыңыз тым ұят екен. Сіздерді оқығаны, тоқығаны бар деп басшылыққа қоймап па еді?! “Ұлттық арнада” сүйсініп көретін хабарлар баршылық. Көрермен үшін аянбай жұмыс істеп жатқан әріптестердің еңбегін жоққа шығара алмаймын. Дегенмен, адамның баласына, ұрпақтың санасына кері әсер ететін керексіз дүниені дәріптеп жатқандарыңызға налимын. Мұндай бағдарламаны басқа арнадан көрсетсе, әңгіме бөлек еді-ау…
“QAZAQSTAN” арнасын мендей жақсы көретін жан аз шығар, сірә. “Су ішкен бұлағыңа түкірме” дейтін шығарсыздар. Түкіретін тексіз емеспін. Сол мөлдір бұлақтың қашан да таза болғанын қалаймын. Журналистерге қимаған эфирді әншіге берсеңіздер, нәтижесі осындай болмақ. Ұлтқа қатысты дүниелерді көбірек дәріптеу керек деп есептеймін. Қазақтың қазақтығын көрсететін де осы емес пе, ағалар?! Жастардың көзқарасына қарсымын демеймін. Тек, тұғыры биік, ұлттың ұйытқысы “Ұлттық арна” ұжымы ҰЛТ үшін жұмыс істесе, деген тілегім бар!»

 

 

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0