ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласы белгіленген құзыреттілік шегінде реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады. Бұл ретте өңірдегі мемлекеттік қызмет кадрларының жағдайы сөз болды.
Аймақтағы мемлекеттік мекемелердің кадрлық жай-күйіне мониторинг жүргізіліп, бірқатар кемшіліктер анықталған. Атап айтқанда Ақтау қаласы әкімі аппараты, Маңғыстау ауданы әкімі аппараты, Қарақия ауданы әкімі аппараты, Маңғыстау облысының қаржы басқармасы және Маңғыстау облысының Ішкі Істер департаменті. Кадр қызметтерінің жұмысы жауаптылықты талап еткендігіне қарамастан, кәсіби тәжірибе, білімі мен даярлығының тепе-теңдігінің болмауынан осындай мәселелер туындап отыр.
Әсіресе аумақтық департаменттер Мемлекеттік Органдардың Интернет Порталына (МОИП) уақытылы есептелікті жүктеу міндеттелгеніне қарамастан, асықпайтындары бар болып шықты. Олардың қатарында индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті, Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті, табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті және облыстық қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті.
Департамент басшысы Нұргүл Жанназарова барлық есептік ақпараттардың дәйектілігін, сапалылығын және мерзімінің сақталуын қадағалау қажеттігін еске салды. Әсіресе персоналды басқару қызметтері мамандарының өз міндеттеріне салғырт қарамай, есептіліктің маңыздылығын түсініп, жауапкершілікті сезінуге шақырды.
Ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанынан бастап статистикалық есепті «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінде жолдау тапсырылған. Алайда уақытылы орындалмаған және енгізілмеген құжат айналымдар, сонымен бірге қате енгізілген құжаттар осы есептіліктің кезінде анықталатын. Бұдан басқа тексеріс барысында, мемлекеттік мекемелердің автоматтық жүйеде құжат айналымының көрсеткішінің төмен болып шықты.
2018 жылдың 1 тамызы бойынша таза ауысымдылық – 27(2%) болса, өткен жылдың есептік кезеңінде бұл көрсеткіш 59(4,4%) адамды құраған. Өткен жылмен салыстырмалы түрде таза ауысымдылықтың саны 2,2 есеге азайғандығын байқауға болады. Агенттіктің стратегиялық жоспарына енгізілген көрсеткіштер бойынша осы жылға таза ауысымдылық деңгейі – 7,5% аспауы қажет деп белгіленген.
Алайда, Аудандар бөлінісінде қызметтен өз еркімен кету деректерінің көптігінен алғашқы орындарда Ақтау қаласы(4%), Жаңаөзен қаласы(4%).
Басқармалар бөлінісінде қызметтен өз еркімен кету деректерінің көптігінен алғашқы үштікті Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (33,3%), Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы(15%), Денсаулық сақтау басқармасы (14,8%). Бұл облыс көрсеткішіне кері әсерін тигізі ықтимал.
Бос орындар саны – 90 (137), яғни штаттық бірліктің 6,7% (10,1%) құрайды (республика бойынша 7,1%); ал, 2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша бос орындар саны 159 бірлікті құрады. Бүгінгі таңда жалпы штаттық бірліктің 93,3% (89,9%) қамтылған. Өткен жылға қарағанда бос орындардың толығуы мемлекеттік қызметшілердің еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі мен жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстарының нәтижесі деп атауға болады. Алайда, облыс бойынша өткен жылмен салыстырғанда 2018 жылда тестілеуге қатысып (01.07.2017ж. – 1339; 01.07.2018ж. – 2760), мемлекеттік қызметке қызығушылық білдіріп жатырған үміткерлердің санының 2,1 есе артқандығына қарамастан, кейбір мемлекеттік мекемелердің бос орындары толықтырылмай жатырғандығы алаңдарлықтай жағдай.
Ағымдағы жылдың 6 айының көрсеткіші бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау нәтижесінде 11 мемлекеттік қызметші әртүрлі дәрежеде тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Ал, 2017 жылдың 12 айында бұл көрсеткіш 14 адамды құраған болатын. Яғни, өңірімізде мемлекеттік қызметшілердің тарапынан жылдан жылға заңбұзушылыққа жол беру дерегі артып отыр.
Мәселен, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы И.Пищальникова, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының маманы А.Омарова, Қарақия ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы С.Әшірова «ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылса, Бейнеу аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы А.Оралбаевқа «қатаң сөгіс» жарияланған. Сондай-ақ, тәртіптік жазаға тартылғандардың қатарында Ақтау қаласы әкімі аппараты 2 қызметшісі, индустриялық даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің облыстық департаментінің 3 қызметшісі бар.
Негізсіз берілген сыйақыны бюджетке қайтару туралы 2 ұсыныс жолданып, 174 745 теңге мемлекет бюджетіне өндірілді (Қарақия ауданы әкімі аппараты, облыстық кірістер департаменті). Заңсыз сыйақы беру дерегі облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментінде орын алған, яғни басшының орынбасары Ж.Өтегеновамен бөлім басшысы Н.Қиясқа олардың тәртіптік жазаларын тиісті органның келісімінсіз алып тастау арқылы берілген. Қазіргі таңда заңсыз берілген сыйақының көлемін анықтап, оны бюджетке кері қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр (тәртіптік комиссиялардың жұмысына талдау жүргізу кезінде анықталған дерек). 2018ж. 6 айында 6 қызметші арнайы қорға 10 заңсыз сыйлық тапсырған (өткен жылы 2 қызметшімен 3 сыйлық тапсырылған).
Маңғыстау облысындағы мемлекеттік қызмет кадрлары жай-күйінің мониторингі әлі де жүргізіледі. Бұл ретте персоналды басқару қызметтерінің жауапты мамандарына білімін жетілдіріп, біліктілігін арттыруға кеңес берілді. Кадр мәселесінде кемшіліктерге жол бермес үшін, осындай басқосуларда пікір алмасып отыру қажет екендігі айтылды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі
ПІКІРЛЕР