24-қыркүйек. Turaninform. Америка Құрама Штаттары Қытайдан импорттайтын, құны $200 млрд. тұратын тауарларға баж салығын 10%-ға арттырмақ. Соған сәйкес, келесі жылдан бастап, сол көлемдегі тауарларға салынатын салық 25%-ға дейін өседі. Бұған дейін АҚШ Қытайдың $50 млрд. тұратын тауарларына салық көлемін арттырған болатын. АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай тарапы егер қарсы жауап берсе, тағы да қытайлық $267 млрд. тұратын тауарларға баж салығы көлемі көтерілуі мүмкін екенін ескертті. Сонда жалпы көлемі 517 миллиард АҚШ доллары көлеміне жетуі мүмкін.
Қытай да АҚШ-тың $60 млрд. тұратын тауарларына салықты өсірмек.
ПІКІРЛЕР