М. Бақтиярұлы: …тұрмыс пен билікке тәуелді мұғалімнің мәртебесі болмайтындығын есте ұстауымыз керек

М. Бақтиярұлы: …тұрмыс пен билікке тәуелді мұғалімнің мәртебесі болмайтындығын есте ұстауымыз керек

Бүгін Қызылорда қаласының ұстаздарымен “Педагог мәртебесі туралы ” ҚР заңының жобасына байланысты пікір алмасу кездесуі болды. Ұстаздар қауымы тарапынан  маған парламент мүшесі ретінде  құнды ұсыныстар мен ойлар айтты. Олар негізінен педагогтардың міндеттеріне кірмейтін жұмыс түрлеріне тартуға қатаң тиым салу,  педагогтарға берілетін әлеуметтік кепілдіктерді заңда ашық корсету, педагог мамандарды даярлау жүйесін жақсарту, ең бастысы ұстаздардың айлығын көтеру төңірегінде болды. Иа, Қазақстандағы барлық ұстаздар қауымы осы заңға үлкен үміт артып отыр. Дамыған мемлекеттердің барлығында мұғалімдерге үкімет тарапынан да, қоғам тарапынан да материалдық және моральдық жағынан ерекше құрмет көрсетіледі. Біз де, Үкімет пен парламент ҰЛТЫМЫЗДЫҢ АРЫ болып табылатын мұғалімдердің мәртебесін Ұлы мәртебелі ҰСТАЗ дей алатын дәрежеге жеткізуге барлық жағдай жасауымыз қажет.Санасы мен күнделікті тіршілігі тұрмыс бен билікке тәуелді мұғалімнің заңды алтын әріптермен жазсақ та мәртебесі болмайтындығын есте ұстауымыз керек.
Мұрат Бақтиярұлы, ҚР Парламенті сенатының депутаты 

 Ескерту: Материал және фото Мұрат Бақтиярұлының фейсбуктағы бетінен алынып, өзгеріссіз берілді.  

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0