Министр Ж. Қасымбек: …118 мыңға жуық отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі

Министр Ж. Қасымбек: …118 мыңға жуық отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі

6-ақпан. Turaninform. Былтыр тұрғын үй салу қарқынды жүрген. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлім етті. Ал, биылға қатысты ол: «Жалпы, 2019 жылы 13 млн м² жаңа тұрғын үйлер салуды жоспарлап отырмыз. Соның арқасында 118 мыңға жуық отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Негізгі міндет – 2030 жылға дейін бір адам басына мақсатты көрсеткішті 30 м² жеткізу. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш 21,5 м² құрайды» (primeminister.kz), — деді.

Сонымен қатар, құрылыс саласы 2017-жылмен салыстырғанда былтыр өскен.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0