18-наурыз. Turaninform. Әлемнің дамыған елдерінде мұғалім – беделі биік қызметтердің қатарына жатады. Оларды интелектуалды элита санайтыны бар. Өзіндік қоғамда үлкен орны бар екенін байқауға болады.
Мұғалімдеріне жоғары жалақы төлейтін елдердің ішінде де әркелкілік бар. Дегенмен бәрібір жоғары. Мәселен, Люксембург мұғалімі айына 10 000 еуро жалақы алады екен. Бұл біздің ұлттық валютаға шаққанда 4 266 500 тг! Тіпті бұл елде 15 оқушыдан асатын сынып таба алмайсыз делінеді. Басқа да дамыған елдер – Германияда 6000, Канадада 5 500 еуро екен.
Әрине, мәліметте біршама өзгерістер, алшақтық болуы мүмкін. Орташа жалақыға қатысты әңгіме аз емес. Бір мұғалім екіншісінен әжептәуір жоғары жалақы алуы немесе жеке мектептің өз төлемі бар деген секілді және т.б. Дегенмен, аталған мемлекеттерде мұғалім жалақысы көптеген елдерден жоғары екені анық.
ПІКІРЛЕР