Ішкі істер министрінің бұйрығымен ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы лауазымына әділет полковнигі Дархан Тұрсынұлы Қанатбеков тағайындалды.
ҚАЖК-нің жаңа төрағасын жеке құрамға министр Ерлан Тургумбаев таныстырды.
Д. Қанатбеков қылмыстық артқару жүйесі органдарында 2001 жылдың қазан айынан бастап қызмет атқарады. Жұмыс тәжірибесі, оның ішінде басшылық қызметтегі іс-тәжірибесі мол.
Ол қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бөлім бастығы, бастықтың орынбасары, Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары, департамент бастығы болып қызмет етті. Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.
Кездесу барысында Ерлан Тургумбаев Комитет қызметкерлеріне ішкі істер органдарын және қылмыстық-атқару жүйесін жаңғырту бойынша негізгі іс-шаралар туралы айтып, ел Президентінің ІІМ-нің алдына қойған жаңа тапсырмаларына тоқталды.
Ішкі істер министрі Азамат Базылбеков ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасы лауазымынан босатылды.
Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі
ПІКІРЛЕР