Басқа елдердегі секілді, біздің елімізде де мемлекеттік қызметші болу – үлкен бедел. Жоғары жалақы, айналадағылардың қызығушылығы мен қызғанышы, сондай-ақ өзінің жетекшілік қабілеттерін жүзеге асыру мүмкіндігі – осының бәрі осы бір қызықты да қиын мамандықтың кейбір жағымды жақтары болып табылады.
«Мемлекеттік қызметкер» лауазымының мәні неде? Мәселен, министрлік лауазымына лайық адам қандай да бір тауар немесе қызмет түрін өндірмесе де, ол тауарды сату мен қызметтерді жүзеге асыру процестерін жүзеге асыруды басқарады. Яғни, кез келген жағдайда өз қызметінде жеке қалауымен емес, заңнамаларды басшылыққа ала отырып, бақылаушылық қызметін атқарады. Мемлекеттік қызметші басқаша емес, тек қана заңнамаларға сәйкес қана әрекет етеді.
Бүгінгі таңда жоғары оқу орындары жыл сайын осы сала бойынша көптеген мамандар даярлағанмен,мемлекеттік қызметші мамандығы барынша сұранысқа ие болып отыр. Бұл мамандық – «ақыл-ой еңбегі» адамына арналған, олардан қызметкерлерді басқару дағдылары мен икемдерін, адамдардың оны қолдап, артынан ерте алатындай харизмасын, сондай-ақ мінез сарабдалдығы мен қатаңдығын талап етеді.
Ең жоғары жалақылы еңбек жоғары деңгейдегі депутаттар мен министрлерге тиесілі. Алайда олардың мойындарында мемлекет пен халық үшін зор жауапкершілік болады, сондықтан мемлекеттік шенеунік мамандығын таңдамас бұрын, оны шынымен қалайтыныңызды әбден ойланып алғаныңыз жөн.
А.Б.Кизимбаева, Ш.Есенов атындағы КМТИУ доценті
А. Ертлеуова, Ш.Есенов атындағы КМТИУ,магистрант МПМЕН-18-2
ПІКІРЛЕР