НАТО Қытай елшілігін «байқамай» бомбалады…

НАТО Қытай елшілігін «байқамай» бомбалады…

 Осыдан 20 жыл бұрын мамырда НАТО Қытайдың Белградтағы (Сербия) елшілігін бомбалаған болатын. АҚШ пен НАТО-­ның байқамай бомбалап алдық дегеніне Қытай тарапы сенбеді. Қытай да жауап ретінде өз еліндегі АҚШ елшілігін қыспаққа алды. Онмыңдаған адам қатысқан наразылық акциясын өткізді.
Болған оқиға үшін АҚШ Қытайға $28 млн өтемақы төлеген. Əуе бомбасынан қайтыс болғандарға, зардап шеккендерге бөлек тағы төлеген делінеді. Қытай да өз кезегінде АҚШ елшілігіне тигізген зияны үшін өтемақы төлеген болатын.
АҚШ бастаған НАТО күштерінің бұрынғы Югославия территориясында осылай ойқастауы – Ресейдің геосаяси ықпалының тарылғанын да көрсетті.

 Құрманғали Нұрғали

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0