Нұр-Сұлтанның бір бөлігінде су ақпай қалды

Нұр-Сұлтанның бір бөлігінде су ақпай қалды

Астана Сол жағалауының тағы бір бөлігі енді сусыз қалды. Жарты күн. Айдың, Күннің аманында осындай жағдай: апат болған. Бір апта бұрын Сол жағалаудың басқа жағында жарық өшкен еді.
Елорданың жайы осындай болып тұр.
1. Сол жағалау – Нұр-Сұлтанның жаңа бөлігі. Сөйте тұра, бірінен соң бір апат болуда.
а) Құбырдың дәнекерленген жері ашылып кеткен делінді. Сонда бірнеше жыл өтпей жатып, осылай бұзылып жатқаны ненің белгісі? Тексеру, бақылау, сапа қайда?..
2. Шамамен 20.00ге таяу қосылады деді. Бірақ, су бірнеше сағаттан соң болды да қайта сөнді (апат делік, дегенмен жазды ма, орындалсын). Қайта баяулау ақты.

3. Астана су арнасы неге телефонға жауап бермейді?
4. Қ. Тоқаев мырза Нұр-Сұлтанға қатысты аз сын айтпады. Нәтиже байқалмақ түгілі, бір аптада екі апат шықты.
5. Су таситын мәшине кей үйге тіпті келмеген де көрінеді.
Әлеуметтік пен саяси мәселенің арасы бір-ақ елі… Қалың жұртты жұқарта бермесін.

 Құрманғали Нұрғали

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0