АҚШ президенті – Джо Байден…

АҚШ президенті – Джо Байден…

7-қараша. Turaninform. Қ. Нұрғали. АҚШ президенттігіне үміткер демократиялық партия өкілі Джо Байден мемлекет басшысы болуға жеткілікті 270 дауысты жинапты. Бұл туралы CNN хабарлады. Аяқ астынан бірдеңе шықпаса, енді республикалық қазіргі президент Д. Трамп бір мерзіммен тарихқа енбек.
Д. Трамп кезінде…
● АҚШ қарызы триллиондап өсті. Д. Трамп кезінде елінің қарызы 7 триллионға өсті. Кеткенше, әлі өсе бермек. 2016-жылы президент сайлауының үгіт-насихат науқанында екі мерзімге сайланса, АҚШ қарызының мәселесін шешетінін айтқан болатын. Салыстыру үшін, Б. Обама президент болған 8 жылда АҚШ-тың мемлекеттік қарызы $9 триллионнан аса сомаға көбейген еді.
Пандемия басталған 1 жылға жетпейтін уақытта тіпті бірнеше триллионға өсті. Әрине, оның коронавирустің тарауына қатысы жоқ. Дегенмен осынша өсу Д. Трамп кезінде болғаны анық.
● Қытаймен сауда кикілжіңі. Экономика көлемі бойынша әлемдегі екінші елді тығырыққа тірей жаздады. Өз мемлекетіне де зиян тигізе отырып. Бірақ, Қытай экспорты (АҚШ-қа) 4,5 еседей көп. Сондықтан екі ел сауда соғысында алысқа кеткенінде, Қытай АҚШ-пен салыстырғанда, көбірек зиян тартатыны анық еді.
● Әлем бойынша COVID-19 жұқтырғандар мен содан қайтыс болғандар санынан АҚШ әлі бірінші орында тұр.
● Биыл көктемде басталған АҚШ еліндегі наразылық. Әлемдегі экономикасы ең ірі мемлекетті шайқалта жаздады.
● Дүние жүзіне тараған түрлі өндірістерін өз еліне бұруға, доллардың халықаралық ықпалын сақтауға тырысты т.б.
Билікке Ресейдің араласуымен, ықпалымен келді деген дауға әлі күнге дейін нүкте қойылған жоқ. Дегенмен, ірі бизнесменнен ықпалды үлкен саясаткер шығара алды…

 Ендігі президент Джо Байден алдында үлкен міндеттер тұр. Ол сайлауалды сөзінде Ресей мен Қытайға қарата, саяси-экономикалық қысымда сөйледі. Тиісті дауыс жинауда, бұл да ықпал етсе керек. Бірақ, бұл екі елсіз әлемдік саяси қайшылықтарды шешу тағы мүмкін емес…

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0