Жол активтері ұлттық сапа орталығы «1000 мектеп» акциясын өткізді

Жол активтері ұлттық сапа орталығы «1000 мектеп» акциясын өткізді

Жол активтері ұлттық сапа орталығының Нұр-Сұлтан филиалы «1000 мектеп» акциясы аясында кәсіби бағдарлау іс-шараларын өткізуді жалғастыруда. Филиал директоры Мұрат Туркестанов №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің оқушыларна жол саласын кадрлық қамтамасыз ету мәселесіне жеке тоқталып, филиал қызметінің мақсаттары мен міндеттері, өңірдің және жалпы еліміздің автожол саласының жетістіктері туралы айтып берді.

Филиал мамандары, сынақ зертханасының сарапшысы Ирина Исмагилова және зертханашы Нұрғұлан Аманжол оқушыларды заманауи құралдар мен жабдықталған зертхананың жұмысымен таныстырды.

Оқушылар жолшылардың жұмысына қызығушылық танытып, жұмысқа орналасу, жалақы туралы сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды. Естеріңізге сала кетейік, елімізде жол мамандарының жетіспеушілігіне байланысты Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы 2020 жылдан бастап «1000 мектеп» акциясын бастаған болатын. Осы уақытқа дейін Орталық 3 546 мектеп оқушыларымен (2020 ж. – 1153 мектеп, 2021 ж. – 1389 мектеп, 2022 ж. – 1004 мектеп) кездесіп, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Одан бөлек, еліміздегі әртүрлі ЖОО мен колледждердің 92 студенттерін ақылы өндірістік практикадан өткізді.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0