Әңгіме, Білім басқармасы басшысының бұйрығымен былтыр ғана келген, 71-мектеп директоры жөнінде.
Осы тамызда өзі басқаратын мектепте семинар өтеді. Мұғалімдеріне ақысы 50 мың теңге деп хабарланады. Кейін “бағасы” 40 мыңға түседі. Солай жиналады. Содан мұғалімдері кенет басқа мектептен келген әріптестерінен семинардың тегін екенін біліп, директорынан ақшасын сұратады. Ал, ол жалақыларына қосып, “қайтаратынын” айтады. Мұғалімдері де: қалай берсе, солай қайтаруын сұрайды. Директор ғой, қызметкерлері алдында жығылғандай болғысы келмеді ме, 30 мың теңгеден ғана қайыратынын айтқан. Мұғалімдер тағы талап етеді. Соңында, “несие” алдым деп, ақшаларын толық қайырады.
71-мектептің директоры туралы әңгіме бір мұнымен бітпейді. Естуімізше, мұғалімдердің “жүрегін ұшыруға” да әмір беретіні бар екен. Диктатор директор болғысы келе ме?
Естуімізше, мұғалімдердің “жүрегін ұшыруға” да әмір беретіні бар екен. Диктатор директор болғысы келе ме?
Мұғалімдердің шығармашылық еркіндігі болуы тиіс. Сондай-ақ, басшылық тек талап етуден ғана тұрмайды. Қажет болса, қызметкерлерінің де басшыдан, атқарған жұмысы жөнінде, талап етулеріне құқығы бар, хақысын қозғамағанда…
Ал, олар директорының қас-қабағына қарап қалса, білім беріп оңдыра ма?.. Ондай жерде жағымпаздардың, жасқаншақтардың т.б. теріс жүргендердің жалаулары желбірейді.
Ал, мұғалімдерді бірыңғай киім үлгісімен жүргізу дегеннің түбірінде әлдебіреудің “кәсібі” болған жоқ па? Қамзол сатып алғызудың артында кім(дер) тұрған?
Мектеп директоры – мораль мен әдептілік, кәсіби біліктілік пен эмоционалды интеллект дегенде үлгі болуы тиіс. Білімділігін былай қойғанда.
Олай болса, мынай оқиға мектептің бас мұғалімі – директор жасайтын әрекеттер ме?..
Астана Білім басқармасының басшысына бұған дейін, осы саладағы түрлі олқылықтарды, келеңсіздіктерді, жүйелеуді керек ететін шаруаларды айттық, хабарладық. Қайран жоқ секілді.
Бүкіл өңірге үлгі болуы тиіс Астанада жағдай осындай…
Қ. Нұрғали
ПІКІРЛЕР