Әлемде 2030ж. 600 миллиондай кедей болады

Әлемде 2030ж. 600 миллиондай кедей болады

17-қазан. Turaninform. Бүкіләлемдік банктің болжауына қарағанда, 2030ж. таяу әлем бойынша әлеуметтік жағдайы өте төмен адамдардың саны 600 миллиондай болады. Бұл санатқа күніне 2,15 АҚШ долларынан төмен ақшаға өмір сүретіндер жатады. “Әлемдік экономикалық өсім баяулау бастауына сәйкес, сіңірі шыққан кедейлерді азайту бағытындағы ілгері басқан аяқ та, бір орында тұрып қалды”, – дейді аталған банк тобының президенті Дэвид Малпасс.
Пандемия кесірінен білім мен денсаулық саласына келген зияндарды еңсеріп, жұмыс сапасын жақсарту үшін дамушы елдер көп тер төгіп, ондаған жылдар бойы инвестиция құйып отыруы тым маңызды. Банк ойы осы сарында.
Бүкіләлемдік банк вице-президенті әрі бас экономисі Индермит Гилл болса, былай дейді: “Қарыз көлемі рекордты жоғары болып тұрғанда, қаржылық ресурстар түгесіле бастаған жағдайда мұны іске асыру оңай емес. Үкімет өз ресурстарын адам капиталын сақтауға жұмылдыруы, барынша үлкен өсімге қол жеткізуге жұмсауға тиіс.”

Биыл кедей саны тіпті артатыны анық…

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0