20-қаңтар. Turaninform. Шамамен бірінші ақпанда жасыл комета Жерге тіпті жақындай түседі. Сол күні біздің планетамыздан 42 млн шақырым қашықтықта болады екен. Құйрықты жұлдыз Жерге қарай төнген сайын, жарқырап, анығырақ көрінеді.
NASA ақпаратына қарағанда, бұл аспан денесінің Күн айналасын кезуі 50 мың жылда бір рет қана болады. Демек, соңғы рет сонау Мустье дәуірінде (б.ж.д. 160-40 мың жылдықтар) жылт етіп өткен.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР