1-қыркүйек. Turaninform. Аспан әлеміне NASA жаңа телескопын ұшырды. Ғарыш обсерваториясы күңгірт энергияны, түнек материяны зерттейді. Сонымен қатар, Жерге ұқсас ғаламшарлар – экзопланеталарды іздейді. Біздің әлемге таныс тартылыс күші заңы, миллиардтаған жарық жылындай болатын қашықтықта да, сақтала ма, жоқ па? Ғалымдар телескоптың ғарыш экспедициясы арқылы осыған да жауап іздеп көреді.
Телескоп “Роман” деп аталады. Әйгілі астроном Нэнси Грейс Романның құрметіне солай қойылған. “Роман” сонау 1990ж. ғарышқа жіберілген “Хабблдың” ізін жалғастырушы. Бірақ, одан әлдеқайда қуатты. Мысалы, “Хаббл” осы уақытқа дейін ғарыш туралы жиған мәліметтерінің қоры 400 терабайт болады екен. Ал, жаңа телескоп бір жылда 500 терабайттық ақпарат жинай алады. Бұдан басқа да басымдығы бар.
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР