2-шілде. Turaninform. Әлемдегі ірі компаниялардың ондығында тұрған Amazon спутниктік интернетті таратуға дайын көрінеді. Бүгінгі күні Жерге жақын аспан кеңістігіне төрт жүзге тарта спутниктік аппарат жеткізген. Бұл белгілі бір ауқымда үздіксіз интернет қызметін қосуға мүмкіндік береді. Компания алдағы уақытта 3,2 мыңның үстіне шығаруды көздеп отыр.
Amazon 2019ж. спутниктік интернет құру ойы барын жариялаған еді. Былтырдан бастап интернет жоба Amazon Leo деп аталады.
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР