14-наурыз. Turaninform. Қ. Нұрғали. Астанада InvestPro халықаралық конференциясы өтті. Іс-шарада дүниежүзілік деңгейдегі инвестициялық мүмкіндіктер, қаржылық атмосфераның қазіргі қалпы, еңбек рыногы т.б. сан алуан тақырыптар қозғалды.
Offshore inc. компаниясының негізін салушы А. Әшімбек “Қазақстандағы активтерді қорғау” туралы тұщымды ойларымен бөлісті. Әдетте, оффшор дегенде әлдебір көлеңкелі бизнес, заңсыз жолмен келген ақшалар елестейтіні бар. Ол ақ оффшормен айналысатынын, өздеріне қара және сұры түрі қатысы жоғын айтты. Әрі ол өз компаниясының көмегіне жүгінген кәсіпкерлер өркениетті елдердегі заңдармен қорғалатынын атап өтті.
АҚШ-тың СМВ Regional Centers компаниясы, Инвесторлармен байланыс жөніндегі директоры В. Модло болса, инвестиция құю арқылы америкалық азаматтықты алудың жолын ұсынды. Соған сәйкес, шетелдік азамат АҚШ-тан жылжымайтын мүлік сатып алмай-ақ, құрылыс компаниясына ақша құю арқылы америкалық болып шыға келеді. Әрине, тиісті тексеруден өтуі керек.
Бұдан бөлек, Ұлыбритания, Нидерланды, Австрия т.б. еуропалық рынок өкілдері де өз ұсыныстарын айтып жатты. Олардың қоғамдық құндылықтары, адами байланыстары біздің елге де керек екені байқала түсті. Елдердің арасындағы қарым-қатынас осылай дами түссе, еңбек нарығы осылай түрлене, кеңейе берсе, адамзаттың өмір салтына да әсер етері анық.
Ұйымдастырушы – “Bosco Conference” компаниясы. 2005ж. бері InvestPro және WealthPro атауында екі жүзден аса халықаралық конференциялардың өтуіне мұрындық болған.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР