Әлемдік қаржы дағдарысы туралы…

Әлемдік қаржы дағдарысы туралы…

Соңғы уақытта әлемдік экономика дағдарысы туралы пікірлер жиіледі. Бұған бірден-бір себеп – Швейцария банкісінің сыр беруі еді. Credit Suisse – әлемдегі ең ірі отыз банктің қатарына енеді. Дүниежүзілік маңызы барын осы да білдірсе керек. Бұл банк неше жылдан бері күрделі мәселеден шыға алмай келеді. Миллионер клиенттері былтыр қазан- желтоқсанда 100 млрд. АҚШ долларын қайтарып алған.
Жығылған үстіне жұдырық. Енді АҚШ-тың кей банкілері қосылды. Банкротқа ұшыраған америкалық Silicon Valley Bank (SVB) банк жүйесін ұстап тұрған жоқ, яғни, қаржы нарығын дағдарысқа жеткізбеуге болады. Дегенмен дүрбелең күш ала берсе, жағдай тіпті күрделенеді. Мысалы, SVB салымшылары бір күнде $42 млрд. ақшасын суырып алуға ұмтылған. Зор сома. Банк активі – $211 миллиардтай болған.
Нью-йорктік Signature Bank-тің де жағдайы ауыр. Тағы бір АҚШ банкі – First Republic Bank дағдарысқа түсті. Бұл – он төртінші орында тұрған банк. Мұны сақтап қалу үшін басқа банктер $30 миллиард көмек берген. Мұның барлығын көріп отырған инвесторлар қашуда, салымшылар ақшасын қайтарып алуда. Бар болғаны наурыз айының басынан бері, АҚШ, Еуропа, Жапония банктерінің нарықтық құны 15%-ға төмендеген. Инвесторлар банк акцияларынан жедел бас тартып, бас сауғалауда.

Қазіргі жағдай 2007ж. АҚШ-та басталған ипотека дағдарысын ойға оралтады. Дегенмен әзір немен бітері белгісіз. Егер, әлемдік қаржы дағдарысына ұласса, Қазақстан да тыс қала алмасы анық…

 Қ. Қалмахан

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0