13-маусым. Turaninform. Қ. Нұрғали. Бүгіннен бастап, АҚШ-тың Мәскеу биржасына салған санкциясы күшіне енді. Санкцияға сәйкес, Ресейдің әйгілі биржасы АҚШ доллары және еуромен сауда жасай алмайды. Бұл АҚШ долларының құны күрт көтерілуіне әкеліп соқты. Рахатын әзірге банктері көріп жатыр. Мәселен, кей банктерде, қаржылық мекемеде АҚШ долларының бағамы 100-200 Ресей рубліне жетті. Кеше ғана 90 рубль айналасы тұрған еді. Дегенмен дүрліккен жұрттың қысымы артса, банк жүйесінің жүйкесі де сыр беруі мүмкін. Әрі қарай кете берсе, қаржы жүйесін шайқалтып, экономикасы соққы алады. Өткен ғасырдың 90 жж. сияқты қара нарыққа валюта сататындар шығады.
Былтырғы жорғалаған девальвация ендігі рубль үшін арман. Мұның үстіне валютаны сату-сатып алу арасының алшақтауы да артады. Осыған дейін Орталық банкі Мәскеу биржасының қорытындысы арқылы АҚШ доллары мен еуроның ресми бағамын анықтайтын. Валюта нарығын бақылауда ұстау оңайырақ болатын. Қазір бұл әдіс жоқ.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР