25-наурыз. Turaninform. Қ. Қалмахан. Орталық Азия елдеріне Еуропалық одақ санкция салуы мүмкін, яғни, Ресейге кір жуатын және басқа да “екі мақсатта” қолданылатын тауарларды сатып жатқан. “The Telegraph” осындай ақпарат таратты. Кремль мұндай тауарларды бұзылған әскери техникаларын жөндеуге пайдаланатыны туралы қауесет былтыр да айтылған еді. Тіпті Еуропадан көлеңкелі жолдармен ұсталған автокөліктерді әкетіп, Ресейге сатып жатыр екен. Мұны олар әскери техникаларының қажетіне жаратуда.
Өкінішке қарай, бұған дейін әртүрлі ақпарат көздерінде Қазақстан да жаманатқа ілікті: Ресейдің заңсыз айналма жолы болып отырғаны жазылды. Санкцияның астында қалған Ресей, өткен жылы ұзатпай-ақ, параллель импортқа рұқсат берді. Былтыр бірінші жартыжылдықта Қазақстан арқылы бұл елге сатылған смартфондар саны 2000 есе артқан! 183, 6 мың дана сатылған екен. Ресей нарығына түскен жаңа автокөліктердің 18%-дан астамын Қазақстан апарған. Жартылай өткізгіштер реэкспорты, яғни, Ресейге сату көлемі де 300 еседен аса артқан. Осылай кете береді. Қазақстанның Ресейге экспорты былтыр 25%-ға артуы да біраз нәрседен хабар берсе керек.
Еуроодақтан Ресейге экспортталған тауарлар, Ресей-Украина соғысы басталған уақыттан бері тоғыз айды, 2021 ж. сондай уақытымен салыстырғанда, 47%-ға азайған. Керісінше, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің Еуроодақтан жасаған импорты шамамен 50%-ға артып шыға келген. Тағы бір күмән тудыратын сан. Аталған мемлекеттердің Ресейге экспорты 40%-ға жуық өскен екен.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР