27-сәуір. Turaninform. Өткен жылы дүние жүзі бойынша әскери шығын көлемі 2,8 триллион АҚШ долларына жетті. Стокгольм халықаралық бейбітшілікті зерттеу институтының (SIPRI) зерттеу нәтижесі осындай. 2024-жылмен салыстырғанда, бұл 3%-ға дерлік артық. Зор соманың жартысынан астамы бар болғаны үш мемлекет – АҚШ, Қытай және Ресейге тиесілі.
Сонымен қатар, Еуропа елдерінің әскери бюджеті де қарқынды өсіп жатыр: бір жылда 14%-ға артқан. Әсіресе, Германия, Франция, Польша және т.б. сол материктегі ірі мемлекеттер әскери саланы күшейтуге белсенді түрде кірісіп кетті. Украина болса да. Аталған елдің әскери шығыны жалпы ішкі өнімінің 40%-ына жетіп, Жер жүзі бойынша бірінші орынға шықты.
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР