29-наурыз. Turaninform. Қазақстан президенті Қ. Тоқаев Парламенттің біріккен палаталарының алдында сөз сөйледі. Ол VIII шақырылымның бірінші сессиясында: “Енді Үкімет шын мәнінде есеп беретін Үкіметке айналады. Министрлердің өз жұмысын жетік білуі ғана жеткіліксіз. Олар өз ұстанымын Парламент алдында қорғауға қабілетті болуы тиіс. Өз бастамаларын қоғамға анық түсіндіруі қажет”, – деді.
Сонымен қатар, Парламент жұмысы да мейлінше ашық болуы тиіс екенін атап өтті. Президент сөзіне сәйкес, тым маңызды мәселе талқыланбақ болса, жалпы отырысты мемлекеттік телеарнадан тікелей эфирден көрсету керек.
Бұл жолғы Мәжіліс депутаттарын сайлау да кезектен тыс өтті. Әрі сайлау учаскелерінде заңға қайшы түрлі оқиғалар кездесті.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР