Экономика межесі және жаңа премьер-министр

Экономика межесі және жаңа премьер-министр

6-ақпан. Turaninform. Қ. Нұрғали. ҚР Президенті Қ. Тоқаев соңғы Жолдауында, Қазақстан экономикасын 2029ж. қарай $450 миллиардқа жеткізуді айтты. Тура 2029 емес, демек, 2028ж. қорытындысы сондай болуы керек.
Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) болса, Қазақстан экономикасы 2028ж. $360 миллиардқа жетпейді деп болжады.
А. Смайылов Үкіметі биыл 5,3%-дан кем өспейді деп кетті. ХВҚ долбары бұдан да аз.
Ал, Президент айтқан $450 миллиардқа жетуі үшін, экономика жылына 10-11%-ға өсуі тиіс.
Смайылов сәтті уақытта басқарды. Себебі, ол басқарған екі жыл ішінде Қазақстан экономикасының жыртығын жамап, анау-мынауын білдірмей, керісінше, серпін берген оқиға – Ресей капиталының ағылуы еді.
Ресейлік мыңдаған компанияның елімізге келуі экономиканы гүмпиюіне негіз болды. Екі жылда ел экономикасына $50 миллиардтан астам инвестиция құйылды. Мұның әжептәуір бөлігі Ресеймен байланысты. Сонымен қатар, бұл кешегі премьер-министрдің тікелей еңбегі емес, Ресей-Украина соғысының салдары еді. Соғыс мұнай бағасын да көтерді. Бұл да ел ЖІӨ-ін өсіре түсті.
Биыл Ресейден Қазақстанға ағылатын капитал көлемі 2022-2023жж. болмайды.
Демек, қазіргі премьер-министр О. Бектанов экономиканы өсірудің басқа жолдарын жедел іздеуі тиіс. Жүйелі, кешенді бағдарлама қажет. Әйтпесе, анау $450 миллиардқа еліміз жете алмайды-ау.
Айыппұлды көбейту мен шағын және орта бизнесті қыса түсу – шығар жол емес. Антикорда істеген тәжірибесін қосып, ірілі-ұсақты жемқор шенеуніктердің жеу тәсілдерін тыя отырып, ЖІӨ-ге әсер етемін десе, бұл да бір бағыт. Тағы бір жол, шағын және орта бизнесті қыса бермей, керісінше, еркіндігін кеңейту, гуманды орта қалыптастыру, барынша қолдау. Түкке тұрғысыз бизнес-жобасымақтар болса, соған ақша кетірмеу. Құрылыс бұрынғыдай қарқынды емес, көтеріп кететін себеп те байқалмайды. Ал, бұл сала ел экономикасына жылдар бойы миллиардтап қосып келді. Қаншама адам осы саладан нан тапты, тауып жүр.
Десек те, қазіргі премьер-министр кезіндегі бір оң жағдай, инфляция 2022ж. бола қоймайтын сияқты. Ішкі экономикалық тұрақтылықты бұзатын сыртқы себептерді тізіп, соны уақыт созбай, шешуге кірісуі де маңызды. Макроэкономикалық жағдай бүгінгі күні елімізге аса бір қауіп төндіретін деңгейде емес. Қайта Қазақстан сататын шикізат түрлері қымбат(тау) болып тұр. Бірер жыл бұрынғыдан. Бұл да Үкіметке көмек.
Тұтастай алғанда, Қазақстан экономикалық
тұрғыда өте әлеуетті мемлекет қой. Саяси жүйесі жөнделсе, шекесі шылқып өмір сүруі тиіс-ақ ел…
Жасандылықтан, есеп беру үшін есептен, жемқорлық, парақорлық, тамыр-таныстық, қасаң бюрократия т.б. теріс қасиеттен билік арылса…

 Фото интернеттен алынды

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0