10-желтоқсан. Turaninform. Украина президенті В. Зеленский Президент сайлауын өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Соған орай, АҚШ және еуропалық әріптестерінен саяси науқанды өткізуге көмек беруін сұрады. Мұндай жағдайда 60-90 күн төңірегінде сайлау өткізуге болатынын айтты.
Мұның алдында ғана АҚШ президенті Д. Трамп, Украинада президент сайлауы көптен бері өтпегенін айтып, В. Зеленский билігін ауыр сынаған еді. – Сайлау өткізуге нағыз қолайлы уақыт деп ойлаймын. Олар сайлау өткізбес үшін, соғысты жамылып отыр, – деді Ақ үй басшысы.
Украинада Президент қана емес, Рада сайлауының да уақыты асып кетті. Бірақ, аталған елдің заңына сәйкес, соғыс кезінде сайлау өткізуге болмайды.
Фото интернеттен алынды



























ПІКІРЛЕР