20-сәуір. Turaninform. Неміс елі Ресейден €300 миллионның тауарын импорттаған. Биылғы ақпан айында. Бұл өткен жылғы сондай уақыттағы көлемнен кемі он есе төмен. Бұл туралы Германияның Федералды статистикалық ведомствосында баяндалған.
Сондай-ақ, ресейлік мұнай мен газ импортының үлесі де нөлге жақындапты. Әйтпесе, Ресей Украинаға соғыс ашқанға дейін, Германия Еуроодақ бойынша орыс газына ең тәуелді ел еді.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР