Қазақстанның Ресейге микросхема реэкспорты 70 еседен аса артқан

Қазақстанның Ресейге микросхема реэкспорты 70 еседен аса артқан

20-мамыр. Turaninform. Еліміз былтыр 75 млн АҚШ доллары көлемінде микросхема импорттады. Бұл алдыңғы жылғыдан кемі екі есе көп. Ал, осы заттардың реэкспорты Ресейге 70 еседен аса артқан. Ұйымдасқан қылмыс және жемқорлықты зерттеу орталығының зерттеуі (OCCRP) осыны мәлім етті. Реэкспортталған заттар зымыран және робот-сапер жасауда қолданылады екен.

Қазақстанның дрон сатып алуы да күрт өскен. Ал, соны сатумен айналысатын, Қазақстанда тіркелген “Аспан Арба” мен ресейлік “Небесная механика” компаниялардың басшысы бір адам болып шыққан. “Аспан Арба” өткен жылы Ресейге 5 жүзден аса дрон сатқан. ҚР Цифрлық даму министрлігінің мәліметіне сәйкес, аталмыш компания былтыр мамырда 18 мыңнан аса DJI дронын импорттауға рұқсат алған.

Ресейдің санкцияны айналып өтіп жатқанына Еуроодақ елдері де елеңдей бастады. Соған сәйкес, Эстония премьер-министрі К. Каллас өз елінен Қазақстан, Қырғызстан Өзбекстан, Армения және Грузияға қарата экспорт көлемі күрт өскенін айтады. Әрі бүкіл тауарлар сол елдердің өз қажеттілігіне кетіп жатқанына күмәнданады. Жолай Ресейге тастауда, соларды қамтамасыз етуде деген ойда. Сондықтан да Еуропалық одақ тауарларының транзитін Ресей арқылы алып өтуге толық тыйым салуды ұсынды.

 Фото: OCCRP

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Share to Google Buzz
Share to Google Plus
Share to LiveJournal
Share to MyWorld
Share to Odnoklassniki

ПІКІРЛЕР

WORDPRESS: 0
DISQUS: 0