25-шілде. Turaninform. Еліміздегі еңбек мигранттарының төрттен бірі қытайлықтар. Өкшесін басып тұрған өзбек елінің азаматтары. Олардың үлесі – 13%. Қазіргі таңда Қазақстанда 14 762 шетелдік жұмыс істеп жатқан көрінеді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі осындай.
Үкімет биыл шетел мамандары үшін 22 260 квота бөлді. Сонымен қатар, басшылық орындарына шетелдік мамандарды әкелу үшін де квота бөлінген.
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР