20-қараша. Turaninform. Оңшыл саясаткер саналатын Х. Милей күтпеген жерден президент болып сайланды. Оны сайлаушылардың 56%-ы қолдаған. Саяси оппоненті С. Масса жеңілгенін мойындап, тілектестігін білдірді.
Қазіргі Аргентинаның жағдайы мәз емес. Инфляция – 140%. Ұлттық валютасы песо құнсызданған үстіне құнсыздануда. Бес адамның екеуі кедейлік құрсауында қалған. Мұны әйгілі тиктокерге айналған экономист, әрі қызуқанды саясаткер ретке келтіре алса, жөн…
Фото интернеттен алынды
ПІКІРЛЕР